Франция Қазақстанға ірі жел электр станциясын салуға көмектеседі

© Sputnik / Владислав ВодневКөбейтұз көліне апаратын жол
Көбейтұз көліне апаратын жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2023
Жазылу
Қазақстан мәжілісі Франциямен тиісті келісімді ратификациялады
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы жаһандық жылуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, оның ішінде еліміздің оңтүстігінде ірі жел электр станциясының құрылысы бар. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Келісімнің негізгі мақсаты – жаһандық жылуға қарсы күрестегі ынтымақтастық. Осы мақсатта Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі жобалар әзірленіп, жүзеге асырылады.
Қазақстан энергетика министрлігінің мәліметінше, жел электр паркін жүзеге асыру бойынша француз тарапынан 60% серіктес үлесі бар Total Eren S.A компаниясы, Қазақстан тарапынан әрқайсында 20% үлесі бар "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ тартылады. Ведомство хабарлағандай, жобаның қуаттылығы Қазақстанда пайдалануға берілген жаңартылатын энергия көздері нысандарының жалпы көлемінің 50% құрайды.
Жоба "Мирный" деп аталады және Жамбыл облысы Мирный ауылының маңында гибридті электр станциясын іске асыру, әзірлеу, салу және пайдалануды көздейді.
"Жоба аясында 250-ге дейін тұрақты жұмыс орны құрылады, 25 мыңға дейін уақытша жұмыс орны ашылады, шамамен 820 миллиард теңге инвестиция тартылады, сонымен қатар қосымша 3,6 млрд кВт/сағ жасыл энергия өндіріледі. Жоба инвестор есебінен жүзеге асырылады", - деді заң жобасын таныстырған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Ол жасыл энергия өндіретін қосымша қуаттарды енгізу қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер ететінін айтты.
Мәжіліс қабылдағаннан кейін құжат Сенаттың қарауына жіберіледі.
Жаңалықтар
0