Биыл 18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

© Photo : Акимат Мангистауской областиВ Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран
В Мангистаускую область прибыли кандасы из Исламской Республики Иран - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2023
Жазылу
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 124,9 мың этникалық қазақ оралды
АЛМАТЫ, 23 қараша - Sputnik. 2023 жылдың басынан бері 18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
17 903 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 124,9 мың этникалық қазақ оралды.
"Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,8%) Өзбекстаннан, 19% – Қытайдан, 11% – Моңғолиядан , 7,6% – Ресейден, 6,5% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден. Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,7%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ті құрайды", - делінген хабарламада.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-і жоғары білімді, 34,5%-і орта кәсіби білімді, 41,7%-і жалпы орта білімді және 8,5%- нің білімі жоқ.
Мобильный телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Қазақстанда "қандас" мәртебесін алуды жеңілдететін "Kutty Meken" қосымшасы іске қосылды
Жаңалықтар
0