Инфографика

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме – статистика

Жазылу
Ұлттық статистика бюросының 2023 жылдың 14 қарашасындағы мәліметі бойынша Қазақстан халқының саны 20 миллион адам болды.
"Халықтың деректер базасының көрсеткіштері бойынша 2023 жылдың 14 қарашасында таңғы сағат 08.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы халқын құрады", - деп нақтылады ведомстводағылар.
Бұл бес нәресте Атырау, Ақмола, Жетісу, Түркістан, Ұлытау облыстарында дүниеге келді. Олар - 3 ұл және 2 қыз.
Статистика мамандары тамыз айында Қазақстан халқының 51,2%-ын әйелдер құрағанын мәлімдеді – олардың нақты саны 10 183 785 болған. Қалған 48,8% немесе 9 715 592 азамат – ер адамдар.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда бизнестегі әйелдер шағын және орта бизнес секторындағы жұмыс орындарының 31%-ын және Қазақстанның ЖІӨ-нің 14,6%-ын қамтамасыз етеді.
"Азия даму банкінің елдерді бағалауы бойынша Қазақстан гендер және даму саласындағы негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары орында және ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік деңгейі жоғары 1-ші топқа кіреді", - дейді ведомстводағылар.
Бұл ретте банк Қазақстанда әйелдердің еңбек нарығындағы белсенділігінің тұрақты деңгейін сақтап отырғанын мәлімдеді.
"2022 жылы "Гендерлік айырмашылық рейтингі" бойынша Қазақстан гендерлік даму саласындағы сәтті реформалардың арқасында 15 орынға жоғары көтеріліп, 146 елдің ішінде 65 орынға ие болды", - деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Динара Щеглова.
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республикада 4,3 миллион әйел жұмыспен қамтылғанын, бұл жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 48%-ын құрайтынын анықтады. Әйелдердің 35%-ы сауда және қызмет көрсету салаларында, 32%-ы білім, денсаулық сақтау және ғылым салаларында, 14%-ы өнеркәсіп, құрылыс және көлік салаларында, 9%-дан астамы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0