Адиев "Ақтөбе" футбол клубын басқара ма – ұлттық құраманың бас бапкері мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневТренер ФК "Шахтер" Магомед Адиев
Тренер ФК Шахтер Магомед Адиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2023
Жазылу
Ол ешқандай клубқа жетекшілік етпейтінін, ұлттық құрамаға және Еуро-2024-ке шығуға басты назар аударатынын жазды
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Футболдан Қазақстан құрамасының тәлімгері Магомед Адиев "Ақтөбенің" клубының бас бапкері қызметіне тағайындалуы туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sports.kz.

"Достар, жанкүйерлер, мені "Ақтөбе" футбол клубын басқарады деп тараған ақпаратқа қатысты көптеген сұрақ келіп түсуде. Бірақ менің басты мақсатым мен міндетім – Қазақстан құрамасы және наурыз айында өтетін ойындар, мен қазір соған көңіл бөлемін деп сіздерді сендіргім келеді. Басты мақсатым мен арманым – 2024 жылғы футболдан Еуропа чемпионатына жету және оған қатысу. Осыған орай, құрметті достар мен жанкүйерлер, мен жақын арада ешқандай футбол клубын басқаруды жоспарлап отырған жоқпын", - деді Адиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Магомед Адиевтің "Ақтөбе" футбол клубын басқаратыны туралы ақпарат пайда шыққан болатын.
Қазақстан құрамасы іріктеу тобында төртінші орын иеленді, соңғы турға дейін Еуро-2024-ке тікелей жолдама алуға үміткер болып, өзі үшін рекордтық ұпай (18) жинады. Адиевтің командасы Ұлттар лигасының матчтары арқылы әлі де Еуро-2024-ке өтеді деген үміт бар.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан футбол федерациясынан, оның президенті Әділет Барменқұловтан сыйлық алды.
Еуро-2024 іріктеу кезеңі аяқталғаннан кейін ресейлікке жаңа бизнес-класс көлігінің кілті табысталды.
Магомед Адиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2023
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Адиевке автокөлік сыйға тартылды
Жаңалықтар
0