Астанада атом өнеркәсібіндегі әйелдердің рөлі талқыланды

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы Халықаралық әйелдер форумы
Астанадағы Халықаралық әйелдер форумы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2023
Жазылу
Қазақстанның атом саласындағы әйелдердің үлесі – 19%, негізінен әкімшілік және сервистік қызметте еңбек етеді
АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Бүгін Астанада атом саласындағы қазақстандық және ресейлік әйелдердің рөлі талқыланды. Статистика бойынша ТМД елдері арасында STEM-сала (Science, Technology, Engineering, Math) дипломын алған әйелдердің көпшілігі техникалық, ғылыми және инженерлік тар бейінді мамандықтар – гуманитарлық салада жұмыс істейді.
"Қазақстан және Ресей әйелдері: жоғары технологиялық салаларды орнықты дамыту мақсатында ынтымақтастық энергиясы" халықаралық форум-диалогын "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығы және "Росатом" мемлекеттік корпорациясының қолдауымен "Атом саласының әйелдер бірлестігі" әйелдер бастамаларын қолдау және дамыту қоры өткізді.
"Әрине, Орталық Азияның кейбір елдерінде стереотиптер әлі де кездеседі, мысалы, инженер мамандығы ер адамның жұмысы деген түсінік бар. Сондықтан кәсіби өсуде қандай да бір кедергілерден қорыққан әйелдер ондай қауіп жоқ салаларды таңдайды", - дейді "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығының басшысы Тоғжан Сейфуллина.
Оның айтуынша, қуантарлық бір жағдай Қазақстанда ірі мемлекеттік корпорациялар әйелдердің күн тәртібін ілгерілетіп, карьералық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасап жатыр.
"Алайда Қазақстанда әлі де шамамен 56%, ал Ресейде әйелдердің 44-46% STEM-салада диплом алып, гуманитарлық салаға кетеді", — деп нақтылады ол.
Бүкіл әлемде әйелдерді атом саласына кеңінен тарту үрдісі бар, деп атап өтті "Атом саласы әйелдерінің бірлестігі" әйелдер бастамаларын қолдау және дамыту қорының негізін қалаушы Александра Рябых.
Халықаралық кооперацияны дамыту шеңберінде қор өзінің портфелінде көптеген халықаралық келісімге ие, олардың арасында "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығы кіретін Women in nuclear (ядролық саладағы әйелдер) халықаралық ұйымымен меморандум жасалған.
"Біз екі жылдан бері ынтымақтастық қарым-қатынастамыз. Біз әйелдерді жоғары технологиялық, STEM (Science, Technology, Engineering, Math) салаларына тарта отырып жобаларды іске асырамыз – бұл техникалық, ғылыми және инженерлік тар бейінді мамандықтар және атом өнеркәсібіндегі мамандардың білім деңгейін арттыру. Меморандум біздің қарым-қатынасымызды дамытуға жаңа серпін берді", - деп атап өтті Александра Рябых.
Форум біздің ұйымдардың көпжылдық ынтымақтастығының өзіндік бейнесі болып саналады, дейді Александра Рябых.
"Біздің мақсатымыз бір – атом өнеркәсібіндегі әйелдердің білім деңгейін дамыту және арттыру, атом өнеркәсібінде, ядролық медицинада және ғылымды қажет ететін жобаларда айтарлықтай жетістіктерге жеткен әйелдердің рөлдік моделін көрсету арқылы жас ұрпақты STEM саласына тарту", - дейді ол.
Форум-диалог жоғары технологиялық салалардың, оның ішінде атом өнеркәсібінің мамандарын, "Росатом" мемлекеттік корпорациясының, "Гидропресс" ОКБ АҚ, "Атомэнергопроект" АҚ және Ресейдің атом саласының басқа да ұйымдарының, "ҚР Ұлттық ядролық орталығы" РМК, "KAZENERGY" қауымдастығының, "Ұзатом" агенттігінің, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның WiN Global бөлімшелерінің сарапшыларын, University of Tunis el Manar (өнеркәсіп пен технологиядағы әйелдерді қолдау және дамыту жөніндегі халықаралық кеңес) және басқаларды біріктірді.
Форумға қатысуға Ресей мен Қазақстанның өнеркәсіптік және технологиялық компанияларының, сондай-ақ кәсіби әйелдер қауымдастығы мен ғылыми институттардың өкілдері шақырылды.

Атом энергетикасында қанша әйел жұмыс істейді?

Халықаралық Women in nuclear ұйымдарының мәліметтері бойынша, ядролық сектордағы басшылық лауазымдардың бестен бір бөлігін (20,6%) әйелдер, ал 18,3%-і ғана жоғары басшылық қызмет атқарады.
Тёр Алтай Нуклеар Консалтинг тәуелсіз консалтингтік компаниясының деректері бойынша Қазақстанда атом саласындағы әйелдердің үлесі-19%, негізінен әкімшілік және сервистік қызметтерде еңбек етеді.
Жаңалықтар
0