Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаның барлық аумағында әуе дабылы қағылды

© AP Photo / Efrem Lukatsky Украина туы
 Украина туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланды, деп хабарлады РИА Новости елдің Цифрлық трансформация министрлігінің онлайн картасына сілтеме жасап.
Карта дерегіне сәйкес, дабыл алдымен Киев қаласында, Львов, Полтава, Харьков, Днепропетровск, Николаев және Одесса облыстарында Астана уақытымен сағат 16.22-де қағылды. Қалған аймақтарда дабыл сағат 13.23 пен 13.25 аралығында жарияланды.
Ресей Қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін екі күннен соң бастады.
Ресей билігінің мәліметінше, жарылыстың артында Украина арнайы қызметі тұр. Елдің барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы жасалып жатыр. Содан бері Украинада күн сайын, кейде бүкіл ел бойынша әуе дабылы іске қосылып келеді.
Жаңалықтар
0