ҚТЖ кәсіпкерлерге негізсіз талаппен кедергі келтірген

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. 2 млрд теңгеге құрылыс салмақ болған кәсіпкерге ҚТЖ негізсіз талаппен кедергі келтірген, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.
Екібастұздық кәсіпкер жеті ай бойы ҚТЖ-дан заңды жауап ала алмаған. Ол Екібастұз қаласында 2021-2025 жылдар арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық инвестициялық жоба шеңберінде 2 млрд теңгеден астам сомаға аймақта ірі логистикалық және құрылыс орталықтарын салуды жоспарлаған.
“Кәсіпкерге жобаларды дамыту үшін темір жолға кірме жол қажет болған. Алайда "ҚТЖ" ҰК" АҚ және оның филиалдарының жеке лауазымды тұлғалары инвестордың құрылысына келісуден бас тартқан. ҚТЖ биыл қазанда кәсіпкерге өз қаражатынан тасымалдаушының қажеттіліктері үшін қосымша жаңа темір жол төсемін салуды талап ететін техникалық шарттарды берген", - дейді ведомстводағылар.
Дәл осындай жағдай бұдан бұрын да болған. ҚТЖ үш кәсіпкерге темір жолдарға жанасу үшін техникалық шарттарының жоқ екенін айтқан.
"Барлық жағдайда берілген жауаптарға бір басшы қол қойған.
"Көлік прокуратурасының араласуынан кейін ғана ұлттық компанияның "ойдан шығарылған" әкімшілік кедергісі жойылды, кәсіпкер алдында қойылған талаптар кері қайтарылды. Магистральдық желі операторының мұндай заңсыз әрекеттері құрылыс материалдарының қымбаттауына әкеп соғады", - дейді Бас прокуратура.
Қазіргі күні "ойдан шығарылған" талаппен кәсіпкерлерге кедергі келтірген басшының мәселесі прокуратурада тексеріліп жатыр.
Жаңалықтар
0