Алматы облысында шаруалар жүгері өнімдерін өткізе алмай отыр

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиКукуруза, иллюстративное фото
Кукуруза, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2023
Жазылу
Былтыр зауыттар өнімнің әр келісін 120-125 теңгеден қабылдаса, биыл небәрі 60 теңгеден аспайды
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында жүгері өсіретін шаруалар шығынға батты, деп хабарлайды Хабар 24.
Себебі өнімге сұраныс азайып, екі есе арзандап кеткен. Былтыр зауыттар өнімнің әр келісін 120-125 теңгеден қабылдаса, биыл небәрі 60 теңгеден аспайды. Бұл диқандардың ала жаздай еңбегі мен шығынын мүлдем өтемейді.
Сондықтан Еңбекшіқазақ ауданындағы бірқатар шаруа қожалығы жүгері алқаптарын шаба алмай қалды. Бұл мәселені олар Қонаев қаласында өткен жиында көтерді. Облыста жиналған жүгеріні сақтап, кептіретін қойма тапшы. Шаруалар содан қиналады.
"Тіпті, көрші Қытайға да өнімді өткізе алмаймыз", - дейді .

"Шелек өңірінде қазір 40% ғана жүгері шабылды. Қалған 60% сол күйінде полелерінде тұр. Неге десеңіздер шаруа қожалықтарына өткізетін жер жоқ. Қазіргі жүгерінің бағасы жүгерінің ылғалдығына қарап алады. скл "Мысалы, Шелек ауылында үлкен ХПП тұр. Соны халық игілігіне беріп, жаратса болатын еді ғой", - дейді шаруа қожалығының басшысы Мунардин Османов.

Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, шаруалар мәселені талқылау үшін парламентке шақырылады.
"Сауда министрлгі, ауылшаруашылығы, экология министрлігі, жер мәселесі комитеті бойынша барлығын отырғызып, сол жерде жауабын береміз", - дейді ол.
Жаңалықтар
0