Димаш Құдайбергенге Karić brothers award сыйлығы табысталды

© Photo : Официальный аккаунт Димаша Кудайбергена в социальных сетяхДимаш Кудайберген получил награду Karić brothers award
Димаш Кудайберген получил награду Karić brothers award - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2023
Жазылу
Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады
АСТАНА, 4желтоқсан - Sputnik. Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Karić brothers award" сыйлығын иеленді. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бүгін Сербияның Белград қаласында “Karić brothers award” сыйлығына ие болдым. Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады", - деп жазды ол.
Әншінің айтуынша, 1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферов, П.Хандке, Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамға табысталған болатын.
Жаңалықтар
0