Түрмеге торт беріп жіберген әйел 10 жылға сотталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуТүрмедегі әйел
Түрмедегі әйел - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Семей қаласының тұрғыны Павлодар түрмесінде отырған сүйіктісіне торт беріп жіберген. Тәртіп сақшылары оның ішінен есірткіні тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Тергеу кезінде сәлемдемені беріп жіберген әйелдің биыл қаңтар айында Павлодарға келгені анықталды. Оның тұрақты жұмысы болмаған. Содан "Telegram" арқылы жұмыс істуге ұсыныс түскен. Одан есірткіні жасырып жүру талап етілген. Ол бұл жұмысқа келіскен. Ал психотроптық заттарды тығатын жерлердің координаттарын белгісіз адамнан алып отырған.
"Жалдамалы пәтерде тінту кезінде аса ірі мөлшерде психотроптық зат, сондай-ақ есірткі құралдарын өлшеп орауға арналған құрылғылар табылып, тәркіленді", – дейді полицейлер.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3, 5 тармақтары (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сот шешімімен әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
0