Елорда тынысы

Келесі жылы Астана әуежайының ұшу-қону жолағы жөнделеді

© Photo : Ирина ЛучинкинаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2023
Жазылу
Ұзақ мерзімді перспективада жолаушылар және жүк терминалдарын кеңейту, толыққанды мультимодальды хаб құру жоспарда бар
АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. 2024 жылы көктемде Астана қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы жөнделеді, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
Комитеттің ақпаратынша, елорда әуежайын дамыту аясында Terminals Holding Group (БАӘ) компаниясымен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Компания 2024 жылы көктемде әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды бастауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада жолаушылар және жүк терминалдарын кеңейту, толыққанды мультимодальды хаб құру міндетін қойды", - делінген хабарламада.
Президенттің тапсырмасына сәйкес келесі жылы Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, Балқаш қаласы әуежайының перронын қайта жаңарту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту аясында 4 объекті бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жеке инвестиция есебінен Алматы, Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдары салынады. Құрылыстың аяқталуы 2024 жылға жоспарланған.
Бұған қоса биыл Қостанай әуежайының аэровокзалын телескопиялық трап және келу залын салу арқылы реконструкциялау жұмысы аяқталуда.
"Осы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолаушылар тасымалының өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді, бұл ел тұрғындарын жайлылықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді", - деп атап өтті комитеттегілер.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2023
Қоғам
Әуе билеттері арзандауы мүмкін: "ашық аспан" режиміне өзгеріс енгізілді
Жаңалықтар
0