Шетелдік банктерде шот ашқан қазақстандықтардың саны жарияланды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуДоллары США
Доллары США - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2023
Жазылу
494 жеке тұлғаның атында 26 мемлекетте 600-ден астам жылжымайтын мүлік тіркелген
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік банктерде есепшоты бар қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Астана қаласы Нұра ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Руслан Жайкеевтің айтуынша, 2021 жылдан бері табыс декларациясын тапсырудың екі кезеңі өтті. Соның аясында мыңдаған адам есеп тапсырды.
"Қазіргі кезде 354 жеке тұлғаның шет елдерде банктік шоты бар. Сонымен қатар 494 жеке тұлғаның атында 26 мемлекетте 600-ден астам жылжымайтын мүлік тіркелген", - деді Жайкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап камералық бақылау басталады. Әзірше құқық қорғау органдары ғана қажетті ақпаратты ала алады.
"Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бізге сұрау салса, бере аламыз. Ал жалпы заң бойынша жеке тұлғаның қанша ақшасы және мүлкі бар деген мәлімет жарияланбайды. Оның бәрі салық құпиясына жатады", - деп атап көрсетті Жайкеев.
Жаңалықтар
0