Екі ірі мұнай компаниясы қоршаған ортаны ластағаны үшін жазаланды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуМұнай бұрғылау қондырғылары
Мұнай бұрғылау қондырғылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Жазылу
Атырау облысының прокурорлары табиғатты қорғау заңнамасын бұзған компаниялардан 10,5 миллиард теңгеден астам қаражат өндіріп алды
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалануды басқару субъектілерінің табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауына талдау жүргізіп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Екі компания қазынаға ірі көлемде айыппұл төледі.
Атырау облысы прокуратурасының қызметкерлері жүргізген тексеруден кейін "Karabatan Utility Solutions" ЖШС мен "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Қадағалау органының қызметкерлері жүргізген талдау шеңберінде парник газдардың ауаға шығарылу квотасының нормадан асып кетуі, сондай-ақ экологиялық рұқсатсыз эмиссиялар орындау, зиянды заттарды шығару көлемі рұқсат етілген нормадан асып кетуі және жерді ластау фактілері анықталды", - деп жазылған өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қадағалау департаменті сондай-ақ ұсынылған прокурорлық қадағалау актілерінің қорытындысы бойынша "Karabatan Utility Solutions" ЖШС мен "Теңізшевройл" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын нақтылады.
Бұл компаниялар сот арқылы кінәлі деп танылды. Өндірілген айыппұл сомасы 10,7 млрд теңгені құрады.
Жаңалықтар
0