Еліміздегі жылу электр станцияларына 15 мыңнан астам маман жетіспейді

© Photo : Valeriy BUGAYEVАким области Асаин Байханов побывал с рабочим визитом в городе Экибастуз, где проверил ход ремонтный работ на ТЭЦ
Аким области Асаин Байханов побывал с рабочим визитом в городе Экибастуз, где проверил ход ремонтный работ на ТЭЦ - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Елдегі жылу электр станцияларына 15 мыңнан астам маман қажет. Бұл туралы салалық қауымдастық өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.
Бүгінде өңірлерді жылумен қамтитын жаңа стратегиялық нысандарды салу және жаңғырту шаралары қолға алынған. Ал жобаларды жүзеге асыруға білікті маман керек.
Енді осы өзекті проблеманы шешу жолдарын өскемендік жоғары оқу орындары ұсынып отыр. Жылу электр станциясы мен университеттің ортақ жобасы шеңберінде өндіріс ошақтарында оқу сыныптары ашылып жатыр.
Бағдарлама аясында студенттер оқу үрдісінің басым бөлігін осы жерде өткізеді. Оларға өз ісінің шеберлері жетекшілік етеді.
Осылайша, болашақ энергетиктер өз ісінің шебері атанған қызметкерлерден тәлім алады. Нәтижесінде кәсіпорын өзіне қажет мамандарды даярлайды. Жоба аясында студенттер жоғары білім алған соң бір жыл бойы өндіріс ошағында біліктіліктерін арттырады.
Бүгінде жылу энергетика инженерлері колледждерді есепке алмағанда еліміздің 14 университетінде даярланады. Мемлекеттік грант саны жыл сайын артып отыр. Себебі еңбек нарығындағы сұраныс жоғары.
Мамандардың айтуынша, мамандыққа деген сұраныс артқан сайын, грант саны да ұлғая түспек.
Келесі жылы аймақта 200-ден астам маман даярлау жоспарланған. Алайда маманға деген сұраныс азаймай тұр. Алдағы жылдары еліміздің бірнеше қаласында 3 жылу электр станциясы салынады. Сарапшылардың есебінше, бір қазандық агрегатына қызмет көрсету үшін кем дегенде 600 қызметкер керек.
Жаңалықтар
0