Қаракөл жағасынан 30 өлі аққу табылды

© Sputnik / Абзал КалиевЛебедь на озере
Лебедь на озере  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
Қазір өлген аққулардың өлекселерінен алынған сынамалар зерттеліп жатыр
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 өлі аққу табылды. Қазір құстардың өліміне не себеп болғанын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Үстірт мемлекеттік табиғи резерватындағылар хабарлады.
Өлген сыбырлақ аққулардың өлекселері 2023 жылдың 21 желтоқсанында табылды, деп жазды Лада.
"Қарақия-Қарақөл" мемлекеттік табиғи қорығының инспекторлары күзет жұмыстарын жүргізу барысында Қаракөл көлінің аумағынан 30 аққудың өлексесін тапты", - деп жазылған хабарламада.
"Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС вирус экологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері аққу өлекселерінен алынған сынамаларды зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Қаракөл — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы жасанды көл (су қоймасы). Ол Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 километр қашықтықта орналасқан.
Жаңалықтар
0