Үндістан мен ЕАЭО еркін сауда аймағы туралы келіссөзді келесі жылы қайта бастайды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаСаммит ЕАЭС в Санкт-Петербурге
Саммит ЕАЭС в Санкт-Петербурге - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
Еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөз 2020 жылдың наурызында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Үндістан мен ЕАЭО еркін сауда келіссөзін 2024 жылдың қаңтарында қайта бастайды, деп хабарлады Үндістан сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар.
Келесі жылдың басында екі елдің келіссөз жүргізу тобының кездесуі өтеді. Бұл келісімге Ресей премьер-министрінің орынбасары Денис Мантуровпен кездесуде қол жеткізілді, деп жазды СІМ басшысы "X" әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter).
"Мен бетпе-бет келіссөз қаңтардың аяғында басталады деп күтемін", - деді Үндістан сыртқы істер министрі.
Еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөз 2020 жылдың наурызында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.
2021 жылдың желтоқсанында Үндістан мен ЕАЭО алдын ала сараптамалық консультацияларды аяқтап, келісім бойынша келіссөзді 2022 жылдың басында бастауға келісті. Бірқатар себептерге байланысты келіссөз жүргізілмеді.
Үндістанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2022–2023 қаржы жылында 50,3 миллиард долларды құрады, оның ішінде 49,3 миллиард доллар Ресей Федерациясымен арадағы сауда нәтижесі.
Бұған дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдері Иранмен еркін сауда аймағын құру туралы толық ауқымды келісімге қол қойды.
Жаңалықтар
0