Биыл еліміздегі қонақүйлер 175,7 млрд теңге табыс тапты

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНовый год в Алматы
Новый год в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Жазылу
Пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда аталған көрсеткіш шамамен 2 есе өсті
АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. 2023 жылдың 9 айында еліміздегі қонақүйлер туристерге 175,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды туризм министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға артық. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 129,2 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Ал пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда аталған көрсеткіш шамамен 2 есе өсті.
Қазіргі таңда еліміз бойынша барлығы 4 мыңнан аса туристік орналастыру орны бар. Олардың қатарына қонақүйлер, мотельдер, пансионаттар, балалар лагерлері, кемпингтер, жатақханалар, демалыс үйлері және басқа да орындар кіреді.
Жаңалықтар
0