Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтінім қабылдау басталды

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принимать выпускников
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Жазылу
Тестілеу 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады ұлттық тестілеу орталығы.
Қабылдау 6 қаңтарға дейін жалғасады.
"Ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады", - делінген хабарламада.
Тестілеудің өзі 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді, дейді ұлттық орталық.
Қаңтардағы ҰБТ-ға қатысатындар:
жазғы тестілеу нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған және күндізгі оқу нысаны бойынша шартты түрде ЖОО-ға қабылданғандар,
ЖОО-да шығармашылықтан дайындықтың басқа бағыттарына ауысқысы келетін білім алушылар,
ақылы негізде оқытудың педагогикалық бағыттарына ауысқысы келетіндер,
қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қабылдау үшін мектептердің бітіруші сынып оқушылары.
"Тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты тіркеу кезінде тестіленушілердің өздері таңдайды. ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады - үш міндетті және екеуін таңдау бойынша", - делінген хабарламада.
Бірақ "оқу сауаттылығы" және "математикалық сауаттылық" міндетті пәндері бойынша тапсырмалар саны 5 сұраққа азаяды, деп толықтырды ведомство.
Сонымен қатар бейіндік пәндер бойынша сұрақтар саны 40-қа дейін артады.
ҰБТ - 2024 тапсырмаларының 120 жалпы саны өзгеріссіз қалады.
Оның ішінде
"Қазақстан тарихы" бойынша 20 тапсырма,
"Оқу сауаттылығы" бойынша 10 тапсырма,
"Математикалық сауаттылық" бойынша 10 тапсырма
Екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма.
Ұпайлардың максималды саны да өзгеріссіз қалады-140 ұпай.
"Өзгерістерді ескере отырып, біз жаттығу сынақтарын бастадық. Еліміздің білім беру орталықтарымен бірлесіп ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін онлайн-сабақтар іске қосылды", - деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Ембаев.
Сонымен қатар ҰТО сайтында оқу жылының басында тапсырмалар жасалған әдебиеттер тізімі және тест жоспары, "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзілік тарих" пәндері бойынша 100 тарихи даталар тізімі,"Информатика" бойынша терминдер тізімі жарияланды. "Қазақ әдебиеті" және "орыс әдебиеті"бойынша әдеби шығармалар тізімі де бар.
"Барлық талапкер үшін компьютер экрандарында калькулятор, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі қолжетімді болады", - деді Ембаев.
Тестілеу уақыты - 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт беріледі.
Жаңалықтар
0