Тоқаев медицина орталығының жаңа ғимаратын аралап көрді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Жазылу
Санитариялық-эпидемиялық сараптама орталығында 8 зертхана жұмыс істейді
АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президенті іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының биыл пайдалануға берілген жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында қоршаған орта объектілеріне және тамақ өнімдеріне бактериологиялық, молекулярлық-генетикалық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық және токсикологиялық, радиологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды
Касым-Жомарт Токаев посетил Центр санитарно-эпидемиологической экспертизы 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды
Мемлекет басшысына орталықтағы заманауи құралдармен жабдықталған және ең жаңа әдістемелерді пайдалана отырып, жедел әрі нақты нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін зертханалар таныстырылды. Онда заманауи анализаторлармен бірге агрессивті-химиялық реактивтерді қажет етпейтін, экспресс-әдістемелерді қолданатын портативті зертханалық құрылғылар орнатылған. Бұл зерттеу уақытын едәуір қысқартып қана қоймай, қаржыны да үнемдейді.
"Орталықтың басшысы Алексей Цойдың айтуынша, Санитариялық-эпидемиялық сараптама орталығында 8 зертхана жұмыс істейді. Алдағы уақытта зерттеулер номенклатурасын жылына 2000-ға дейін кеңейту көзделіп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар зерттеулердің жаңа түрлерін, халықаралық сапа және құзыреттілік стандарттарын енгізу нәтижесінде орталық Референс зертхана мәртебесіне ие бола алады. Яғни, басқа зертханалардағы күмән тудырған зерттеулердің дұрыстығы мен дәлдігін осы жерде нақты тексеруге болады.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды
Касым-Жомарт Токаев посетил Центр санитарно-эпидемиологической экспертизы 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандарға алғыс айтып, жаңа сараптама орталығы ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.
Жаңалықтар
0