ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ және ҰҚШҰ-да 2023 жылы болған басты оқиғалар

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаНеформальный саммит СНГ в Санкт-Петербурге
Неформальный саммит СНГ в Санкт-Петербурге - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2023
Жазылу
2023 жылы Қазақстанның Еуразия экономикалық одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы сияқты маңызды халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуының нәтижесінде елеулі өзгерістер болды.
Бұл оқиғалар аймақтағы саяси, экономикалық және қауіпсіздік жағдайына айтарлықтай әсер етті. Sputnik Қазақстан жаһандық сын-қатерлер кезіндегі Қазақстанның бағытын айқындаған ЕАЭО, ТМД, ШЫҰ және ҰҚШҰ-дағы 7 негізгі оқиғаға шолу жасады.

II Еуразиялық экономикалық форум

24-25 мамырда Мәскеуде "Көп полярлы әлемдегі еуразиялық интеграция" атты ІІ Еуразиялық экономикалық форум өтті. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қатысқан форумның пленарлық отырысы мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы тұспа-тұс келді.
ЕАЭО қызметі жылдарында Қазақстанның ұйымға басқа мүше елдермен тауар айналымы 74%-ке, экспорт 98%-ке өсті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оң үрдісті жоғары бағалап, оны жақсы көрсеткіш деп атады. Дегенмен ол Одақтың алдында өзінің барлық мақсатын мүмкіндігінше толық жүзеге асыру міндеті тұрғанын айтты.
Қазақстан президенті, сондай-ақ комиссия Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Мысыр, Индонезия және Израильмен еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасау жұмысын тез аяқтауы керек екенін атап өтті. Сонымен қатар ШЫҰ, АСЕАН, МЕРКОСУР және тағы басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды сапалы түрде нығайтудың маңыздылығы айтылды.

"Біздің экономикалық одақ сайып келгенде Еуропа мен Азияны, жаһандық Оңтүстік пен Солтүстікті байланыстыратын буынға айналатынына сенімдімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.

Ол Ресейдің Қытай, Үндістан, Пәкістан, Иран, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері бағытында көлік дәліздерін құру бастамаларын құптады. Президент "Солтүстік – Оңтүстік" көлік дәлізін Транскаспий бағытымен ұштастырып дамыту қажеттігі туындап отырғанын баса айтты. Бұл ретте Қазақстан өзінің барлық мүмкіндіктері мен ресурстарын пайдалана отырып, ЕАЭО-ның сенімді логистикалық хабы ретінде әрекет етеді.
Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің қауымдастыққа мүше барлық елімен өзара іс-қимылды жоғары бағалайтынын және қарым-қатынасты серіктестік қағидаттары негізінде құратынын айтты.
Саммит барысында қызықты оқиғалар болды: әлеуметтік желілерде Ресей мен Қазақстан президенттерінің хат алмасып жатқан видеосы тарады. Кадрларда жазбаны оқығаннан кейін Тоқаевтың ресейлік әріптесіне басын изеп, қағазды қалтасына салғаны көрсетілген. Кейін Ақордадағылар бұл қағазда не туралы жазылғанын түсіндірді: әңгіме қазақстандық жүк жөнелтуші компанияларының ішкі тарифтер бойынша Ресейдегі теміржолмен тасымалдауға қолжетімділігі туралы болды. Ресей үкіметі Қазақстанға бағытталған тауарларға жеңілдік тарифтерін, ал Ресей арқылы өтетін тауарларға экспорттық тарифтерді қолдану керек деп есептеді. Президент Тоқаев Қазақстан үкіметіне осы мәселе бойынша ресейлік тараппен келіссөзді жалғастыруды тапсырды.
Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО аясындағы Беларусь пен Ресейдің одақтық мемлекет феномені туралы айтып, олардың арасында "тіпті ортақ бір ядролық қару бар" екенін атап өтті.
"Бірақ Қазақстан, Қырғызстан және Армения ұсынатын интеграцияның басқа деңгейі бар. Біз бұл шындықпен санасуымыз керек. Бұл жағдайда біз қалай жұмыс істейміз. Бұл тұжырымдаманы қажет ететін мәселе. Менің ойымша, осы экономикалық форумда бұл мәселені талқылау керек", - деді Тоқаев.
Бірнеше күннен кейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанды Одақтас мемлекетке қосылуға шақырды. Бұған жауап ретінде Тоқаев "оның әзілін жоғары бағалайтынын" айтты. Тоқаевтың пікірінше, мұның қажеті жоқ, өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ бар.
Мемлекет басшылары Астанада өткен АӨСШК саммитінде - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
"Ядролық қарудың керегі жоқ": Тоқаев Беларусь президентіне жауап берді

ЕАЭО мен Иран еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойды

25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында ЕАЭО мен Иран еркін сауда туралы келісімге қол қойды. Ол 2019 жылдың қазан айынан бастап күшіне енген уақытша келісімді алмастырады. Оның аясында тараптар жеңілдетілген сауда шарттарын қолданып, нәтижесінде 12 мыңнан астам тауардың 360-қа жуығы тарифтік жеңілдіктерге ие болды. Бұл сауда көлемін айтарлықтай арттырып, ол 2019 жылғы 2,45 миллиард доллардан 2022 жылы 6,2 миллиард долларға дейін екі еседен астам өсті.
Келісім көптеген мүмкіндіктер ашады, Тегеран келісім мерзімінен бұрын ратификацияланады деп күтеді, деді Иранның өнеркәсіп, кен және сауда министрі Аббас Алиабади.
ЕЭК сауда министрінің айтуынша, еркін сауда туралы толыққанды келісімге қол қойылғаннан кейін ЕАЭО-ға мүше елдердің жеткізушілері үшін Ирандағы орташа импорттық баж салығы 4,5% деңгейінде болады, ал әдеттегі баж салығы шамамен 30%-ды құрайды.
Иран тауарлары үшін де орташа тариф – 6,6%-дан 0,8%-ға дейін төмендейді.
Бұған дейін қазақстандық шаруалар Иранға мұздатылған етті экспорттай алатыны хабарланды. Бұл мәселе бойынша келісімді желтоқсан айының басында Тегеранда Иран ветеринария ұйымының басшысы Моджтаба Норузи мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин тіркеді.

ШЫҰ елдері арасында екі жаңа дәліз пайда болады

Ташкентте өткен көлік форумында ШЫҰ елдері екі жаңа көлік дәлізін құру туралы келісімге келді:
1.
"Беларусь – Ресей – Қазақстан – Өзбекстан – Ауғанстан – Пәкістан" халықаралық көлік дәлізі. Осы дәлізді құру және дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға Ресей, Өзбекстан және Қазақстан өкілдері қол қойды;
2.
"Ресей – Каспий теңізі – Түрікменстан – Өзбекстан – Қырғызстан" халықаралық мультимодальді көлік дәлізі. Меморандумға Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан қол қойды.

Бақылаушы елдер мен серіктес елдер санаттарын құру: Қазақстан ұсынды, ТМД сыртқы істер министрлігі мақұлдады

ТМД-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Қазақстанның қауымдастық бақылаушылары мен серіктестерінің санаттарын қалыптастыру жөніндегі ұсынысын мақұлдады.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, шешім бақылаушы елдер мен серіктес елдер санаттарын қалыптастыруды көздейді. Құжатты мемлекет басшылары бекіткеннен кейін нақты кандидаттар қаралады.
Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Бішкекте ТМД елдері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті. Оған Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан президенттері қатысты.
Пресс-конференция Сергея Лаврова в Бишкеке - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2023
Видео
ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі: Сергей Лавровтың баспасөз мәслихаты – видео

Тасмағамбетов– ҰҚШҰ бас хатшысы: ұйымның 2023 жылғы қызметі

2023 жылдың 1 қаңтарында Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы қызметіне кірісті. Ол бұл қызметті 2026 жылға дейін атқарады.
Ол қызметке кіріскеннен кейін бірден ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер – Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения және Қазақстанда болып, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты және уәкілетті өкілдерімен кездесті.
"Әлем үлкен геосаяси сын-қатерлердің куәсі болып отыр және өте күрделі саяси, экономикалық және басқа да проблемаларды шешу қажет болады. Барлық қиындықтарға қарамастан, мен ҰҚШҰ-ның баламасы жоқ екеніне және ол өзіне жүктелген міндеттерді шешуге қабілетті екеніне сенімдімін", – деді Тасмағамбетов Беларусь қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфовичпен кездесуде.
Тасмағамбетов ҰҚШҰ отырыстары мен іс-шараларына белсенді қатысты, соның ішінде:
Мәскеуде хатшылық пен Біріккен штаб басшылығының кеңесі;
Минскіде қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы;
Минскіде ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы;
Минскіде сыртқы істер министрлері кеңесінің, қорғаныс министрлері кеңесінің және қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы.
1 қыркүйекте Беларусьте "Жауынгерлік бауырластық – 2023" оқу-жаттығуы өтті. Брест қамалында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан ұлттық әскери контингенттерінен құралған 2,5 мың әскери қызметші бір құрамда сап түзеді.
В Брестской крепости прошла церемония открытия учения  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2023
ҰҚШҰ Бас хатшысы Тасмағамбетов Беларусьтегі оқу-жаттығуды ашты
23 қарашада Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің саммиті ҰҚШҰ аясындағы маңызды шаралардың бірі болды. Кездесуге Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты. ҰҚШҰ мәліметінше, ұйым биылғы жылға барлығы 34 іс-шараны жоспарлаған.
2023 жылы ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің 2024 жылға арналған басқару органдарын бірлесіп даярлау, күштер мен құралдарды қалыптастыру жоспары және 2030 жылға дейінгі іс-шаралар тізбесі бекітілді. Сондай-ақ ҰҚШҰ елдерінің сыртқы істер министрлері ғарышта қару-жарақ жарысын тоқтату туралы мәлімдеме қабылдады. Сонымен қатар, ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметіне үлес қосқан тұлғаларды марапаттау үшін "Бейбітшілікке қарай бірге" медалі бекітілді.
В Минске состоялось заседание Совета министров обороны ОДКБ
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2023
ҰҚШҰ бітімгерлерді марапаттауға арналған медаль тағайындауды ұсынды
Сондай-ақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Хатшылығы бітімгершілік операциялардың жаңа құқықтық тетігі әзірленгенін хабарлады.
"Бітімгершілік саласындағы ҰҚШҰ атынан БҰҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші мемлекетті анықтау тәртібін көздейтін аталған келісімге өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 16 қыркүйектегі хаттама ратификациялау рәсімінен өтуде (Беларусь, Ресей және Тәжікстан ратификациялаған – ред.)", - деп хабарлады ҰҚШҰ ақпан айында.
Тиісті заң жобасын Қазақстан мәжілісі де қабылдады. "2007 жылғы 6 қазандағы ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға" сәйкес "үйлестіруші мемлекет" ұғымы енгізіліп, үйлестіруші мемлекеттің қоластында БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау бойынша операцияларында пайдалану үшін ұйымның ұжымдық бітімгершілік күштері құрылады. Үйлестіруші мемлекет – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі белгілейтін мемлекеттердің бірі.
2024 жылы ұйымға төрағалық Беларусьтен Қазақстанға өтеді. ҰҚШҰ Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан аумағында жеті оқу-жаттығу өткізеді деп күтілуде.

Астанадағы "Иннопром. Қазақстан" көрмесі

"Иннопром" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі алғаш рет Ресейден тыс жерде – Астанада өтті.
Қазіргі заманның өнеркәсіптік стратегиялары "Иннопром. Қазақстан" тақырыбы болды. Шараға 20-ға жуық мемлекет қатысты, 300-ден астам компания өкілі өз өнімдерімен таныстырды. Көрме аясында "КамАЗ" 27 тонна жүк тасымалдауға қабілетті "Юпитер 30" атты алғашқы ұшқышсыз карьерлік самосвалды таныстырды. Көрмеге Ресейдегі алғашқы қуаттау станцияларын шығарған компания да қатысты. Бүгінде бүкіл Ресей бойынша 850 қуаттау станциясы орнатылған. Қазақстанда небәрі бес станция бар.
"Иннопром" – 2010 жылдан бері Екатеринбургте (Ресей) өткізіле бастаған халықаралық өнеркәсіп көрмесі. Қазақстан – 2019 жылдан бері оның тұрақты қатысушы.

Еуразиялық даму банкі Орталық Азияның су-энергетикалық кешеніне 400 млн доллар инвестициялауға ниетті

Орталық Азия елдерісуармалы егіншілікке негізделген егіншілік судың 80%-ға дейінін тұтынады, ал судың 40%-ы суармалы арналарда жоғалады. Еуразиялық даму банкі сарапшыларының пікірінше, Орталық Азия 2028-2029 жылдар аралығында 5-12 км³ деңгейіндегі өткір және созылмалы су ресурстарының тапшылығына тап болуы мүмкін. Сондықтан суды үнемдеуге көшу мәселені шешудің бірден-бір жолы болып тұр.
Еуразиялық даму банкі сарапшыларының қорытындыларына сәйкес, суармалы жерлердің әлеуетін сақтау және сонымен бірге суды үнемдеу үшін 10 қадам қажет: төртеуі аймақтық деңгейде және алтауы ұлттық саясат деңгейінде болады. Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру – ең бірінші қадам.
Еуразиялық даму банкі алдағы 3 жылда Орталық Азияның су-энергетикалық кешеніне кемінде 400 миллион доллар инвестициялауға ниетті. Бұл туралы Нью-Йоркте БҰҰ-ның су ресурстары жөніндегі конференциясында сөйлеген сөзінде Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасы Николай Подгузов мәлімдеді.
"Қазіргі орта мерзімді стратегиямызға сәйкес, біз Орталық Азияның су-энергетикалық кешенін банктің негізгі басымдықтарының бірі деп санаймыз. Еуразиялық даму банкінің бағалауы бойынша, осы саладағы қазіргі проблемаларды сәтті шешу өңірлік ЖІӨ өсу қарқынын жылына 1,5%-ға қосымша арттыруға әкелуі мүмкін. Заманауи суару технологияларын енгізу және ирригация жүйелерін жаңғырту суды пайдалану тиімділігін 40%-ға арттырады", - деді Николай Подгузов.
Еуразиялық даму банкі бағалауы бойынша Орталық Азиядағы гидроэнергетикалық әлеуеттің игерілуі 25%-дан аз. Аймақта жалпы қуаты шамамен 14 000 МВт болатын 80-нен астам гидро электр станциясы бар. 2035 жылға қарай ескілерін жаңғырту және жаңаларын салу есебінен гидро электр станцияларының қуатын 8900 МВт-қа арттыру жоспарланып отыр.
Қырғызстандағы Қамбар-Ата ГЭС-1 (1860 МВт) және Тәжікстандағы әлемдегі ең биік бөгеті 335 метр болатын Рогун ГЭС (3600 МВт) құрылысы ең ірі жаңа жобаларға жатады.
Жаңалықтар
0