Елорда әуежайында бүгін 10 рейс кейінге қалдырылды

© Photo : пресс-служба Международного аэропорта АстаныМеждународный аэропорт Астаны
Международный аэропорт Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2023
Жазылу
Қазір әуежайда 2500-ге жуық жолаушы өз рейсін күтуде
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ішкі және халықаралық рейстерді қоса алғанда, барлығы 10 рейс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды елордалық әуежайдың баспасөз қызметі.
Әуе айлағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, кейінге қалдырылған рейстердің тізімі:
LH 646 Астана - Франкфурт
KC 7319 Астана - Қызылорда
KC 956 Астана-Алматы
KC 992 Астана-Алматы
TK 355 Астана-Стамбул
IQ 407 Астана-Шымкент
KC 345 Aстана-Өскемен
5W 788 Астана-Абу-Даби
KC 762 Астана-Алматы.
31 желтоқсан күні Астана халықаралық әуежайында барлығы 112 рейс жоспарланған.
Қазір әуежайда 2500-ге жуық жолаушы өз рейсін күтуде.
Еске сала кетейік, Астана халықаралық әуежайында өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты 40 рейс кейінге қалдырылды. Кеше елорда әуежайында таңғы 9:00 бен 12:00 аралығында ұшып-қонуға шектеу енгізілді.
Түскі 12:00-ден кейін әуеайлақтағы шектеу алынып тасталғанымен, қолайсыз ауа райы салдарынан әуекомпаниялар рейстерді кейінге қалдыруға шешім қабылдады.
Жаңалықтар
0