Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол жабылды

© Sputnik / Абзал Калиев Астана қаласы
 Астана қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста және Астанда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Астанада – 1 учаске
"Астана-Теміртау" автожолы автокөліктің барлық түрі үшін жабылды.
Ақмола облысында - 1 учаске
"Екатеринбург-Алматы" 1292-1353 км, Жібек жолы ААП- Қарағанды облысының шекарасына дейін - 61 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Жетісу облысында - 1 учаске
"Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. дейін – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Қарағанды облысында – 6 учаске
"Екатеринбург-Алматы" 1505-1854 км, Новостройка а. - Балқаш қ. дейін - 349 км.
"Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 км, Павлодар обл.шек-Ботақара к. дейін - 93 км.
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-217 км, Қарағанды қ. - Қарқаралы қ. аралығында - 200 км.
"Қызылорда-Павлодар" 970-1135 км, Қарағанды қ. - Павлодар обл.шек. дейін - 165 км.
"Қызылорда-Павлодар" 788-906 км, Ұлытау обл.шек.-Топар к. дейін – 118 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
"Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 км, Ақмола обл.шек-Теміртау ААП - 73 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Павлодар облысында - 2 учаске
"Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 км, Қарағанды обл.шек.-Шідерті кенті - 71 км.
"Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 137-231 км, Баянауыл а.-Қарағанды обл.шек - 94 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Жаңалықтар
0