Астана әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешігуі мүмкін

© Photo : Пресс-служба международного аэропорта АстаныТехника чистит летное поле в аэропорту Астаны
Техника чистит летное поле в аэропорту Астаны  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2024
Жазылу
Әзірге ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе кейінге қалдырылуы туралы ақпарат тіркелген жоқ
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Астана халықаралық әуежайындағы метеожағдай ұшу үшін қолайсыз, деп хабарлайды елордалық әуе айлағының баспасөз қызметі.
"Сағат 20:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі ықтимал. Мұндай ауа райында әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Әуе айлағында қызметкерлер қолайсыз ауа райына қарамастан жұмыс істеп жатыр. Қазір әуежайдың әуе айлағында қалың қар жауған, желдің жылдамдығы – 10 м/с, алайда желдің екпіні 15м/с-қа дейін жетіп тұр, деп атап өтті баспасөз қызметі.
"Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. 7 рейс әуе компанияларының техникалық себептеріне байланысты кешіктірілуде. Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе кейінге қалдырылуы туралы ақпарат тіркелген жоқ", - деп нақтылады әуежай.
Әуе айлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.
"Қазір бұл жұмысқа 10 арнайы техника жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға немесе +7 (7172)702-999 нөмірі бойынша анықтама қызметінен білуге болады.
Жаңалықтар
0