"Америкалық құрылғыға қарағанда тиімді": қазақ дәрігерлері жаңа технология ойлап тапты

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация
Операция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
Бұрын донорлық жүрек 4-6 сағат ішінде тасымалдаса, енді оны 24 сағаттан астам уақыт сақтауға болады
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық дәрігерлер "ALEM" деп аталатын жаңа технология ойлап тапты. Бұл донорлық органды ұзақ уақыт "транзитте" ұстауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ денеден тыс емдеуге мүмкіндік жасайды, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Елімізде жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін қазақстандықтардың саны 800 мыңнан асып жығылады. Оның 300-ге жуығы – ауыр сатыда. Ал донорлық органдарға кезекте 137 адам тұр. Оның ішінде балалар да бар.
"Бүгінгі таңда 800 мың пациентке созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған. Ал өмір мен өлім арасында тұрған 8 мыңнан 80 мыңға дейін, яғни бұл бүгінде не жүректі, не жасанды сол жақ қарыншаны ауыстыруды қажет ететін науқастар бар", - дейді UMC басқарма төрағасының орынбасары Махаббат Бекбосынова.
Дәрігерлер науқастардың өмірі үшін күресіп келеді. Жаңа технология жақсы жетістіктірге жол ашады. Бұл қазіргі қолданыстағы америкалық құрылғыларға қарағанда тиімді. Бұрын донорлық жүрек 4-6 сағат ішінде тасымалдаса, енді оны 24 сағаттан астам уақыт сақтауға болады.
"Бұл - адам ағзаларын орналастыруға болатын робот. Мен қазірдің өзінде нәтиже америкалық құрылғыға қарағанда әлдеқайда жақсы деп айта аламын. Бұл құрылғы қанша тұрады? Менің ойымша, бұл әлдеқайда арзан", - дейді UMC басқарма төрағасы, кардиохирург дәрігер Юрий Пя.
Құрылғы толығымен қазақстандық. Дайындауға 2 жылға жуық уақыт кеткен. Осы уақыт ішінде 29 операция жасалды. Оның 16-сы- трансплантация. Операция тек адамдарға емес, жануарларға да жасалған.
Мамандардың айтуынша, құрылғыны т трансплантологияда ғана емес, хирургия, онкологияда да қолдануға болады. Сондай-ақ жарақаттанған аяқ-қолды емдеуге болады. Жоба биыл бастау алады.
Жаңалықтар
0