Павлодар облысында 120-ға жуық ауыл жарықсыз қалды

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуСвеча. Архивное фото
Свеча. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
Апатты жою бойынша 56 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында қарлы боран мен дауылдың салдарынан 120-ға жуық ауыл жарықсыз қалды.
"Қаңтардың 10-нан 11-іне қараған түні боранды желдің салдарынан 117 ауылдық елді мекенде электр жарығы сөнді. Бүгін сағат 11:00-ге қарай 69 елді мекенде электр жарығын беру қалпына келтірілді", - деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.
Облыстың сегіз ауданында (Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты), сондай-ақ Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылдық аумағында 48 ауыл электр жарығынсыз қалды.
Апатты жою бойынша 56 жөндеу бригадасы, барлығы 168 адам мен 56 техника жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ дауылды жел бірнеше әлеуметтік нысанның – Ақсу қаласындағы 7 мектептің, Аққулы ауданындағы Қазы ауылындағы Мәдениет сарайының, Май ауданындағы Ақжар, Саты, Ақшиман ауылдарындағы мектептердің шатырын жұлып әкетті.
Қазір аудан әкімдіктері келтірілген шығынды есептеп жатыр.
Түнде желдің екпіні секундына 37 метрге жетті.
Бұған дейін Павлодарда 52 миллион теңге тұратын бас шыршаның дауылды желдің салдарынан опырылып құлағаны хабарланды.
Жаңалықтар
0