Білім

Шығармашылық мамандықты таңдағандар ҰБТ-ны қалай тапсырады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
Шығармашылық емтихандары жоғары оқу орындарында өтеді
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлер 2024 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді қалай тапсыратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министр биыл шығармашылық мамандықты таңдаған түлектер үшін ҰБТ өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді.
"Сіздер үшін ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатынын қуана хабарлаймын. Тестілеуде сіздер тек екі пән тапсырасыздар: Қазақстан тарихы (20 тапсырма, шекті балл – 5) және Оқу сауаттылығы (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді", - деп жазды Саясат Нұрбек телеграм-арнасында.
Оның айтуынша, бұл шешім талапкерлердің қалауы мен бейінді ведомстволардың сараптамалық пікірі негізінде қабылданған.
Ведомство басшысы қазір негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысуға болатынын еске салды.
Ал ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі (қаңтар, наурыз, тамыз) қарастырылған. Осылайша 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2023
Дерекқор
ҰБТ – 2024: түлектер үшін не өзгереді
Жаңалықтар
0