"Транснефть" былтыр ЕАЭО елдеріне мұнай өнімдерін 29,3%-ке көп жеткізді

© Sputnik / Алексей Бабушкин"Транснефть" резервуары
Транснефть резервуары - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. "Транснефть" компаниясы өткен жылы Ресейден ЕАЭО елдеріне мұнай өнімдерін жеткізуді 29,3%-ке, яғни 530 мың тоннаға дейін арттырды, деп хабарлады компания.
"Өнім құбырлары арқылы Батыс бағытта экспорт тоқтаған кезде ЕАЭО елдеріне - Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға экспорт 530 мың тоннаға дейін (+29,3%) өсті", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бірқатар батыс мемлекетінің Ресейге қарсы отын санкциялары 2022 жылдың 5 ақпанынан бастап күшіне енді.
Еуропалық Одақ ресейлік мұнай өнімдерін импорттауға тыйым салып, ЕО елдері мен "Үлкен жетілік" оларға баға шегін белгіледі.
Содан кейін Ресейден мұнайдың эталондық маркасына (дизель отыны) үстеме бағамен сатылатын мұнай өнімдері үшін барреліне 100 доллар және жеңілдікпен сатылатындар үшін (мазут) барреліне 45 доллар мөлшерінде лимит анықталды.
Жаңалықтар
0