Астана әуежайында 11 рейс кешікті

© Photo : Пресс-служба аэропорта АстаныАэропорт Астаны
Аэропорт Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Бүгін елорда әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, Астанадан Алматыға, Жезқазған және Түркістанға ұшатын 3 рейс әуекомпанияның шешімімен тоқтатылды.
Әуежайдың мәліметінше, кешіктірілген және тоқтатылған рейстер метео жағдайға байланысты емес.
Астана әуежайында қазір ұшу және қону үшін ауа райы қолайлы. Әуе айлағындағы ауа температурасы -18 градус. Желдің жылдамдығы – 12м/с.
Бұған дейін Қарағанды ​​әуежайының жексенбі күні таңертең уақытша жабылғаны белгілі болған еді.
Ресейде де рейстер тоқтатылды. Мәскеудің Внуково, Домодедово және Шереметьево әуежайларында ауа райының қолайсыздығына байланысты 20 рейс кешіктіріліп, тоқтатылды.
Жаңалықтар
0