Алматы облысындағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін

© Photo : предоставлено иеромонахом Аверкием (Беловым)Отшельника навещают пастухи, охотники и прихожане церкви
Отшельника навещают пастухи, охотники и прихожане церкви - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Алматы облысының тауларында 15-18 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристерден қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларды сақтауға шақырды.
"Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады", - деп хабарлады ТЖД-дан.
Жаңалықтар
0