Қарағанды облысында мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өткен жылы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында полицияға ауылдың екі тұрғыны арызданды. Олардың қорасынан 12 қой мен жылқы ұрланды. Әрқайсысына 600 мың теңге шығын келген.
Тергеушілер жедел іздестіру шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан топтың ізіне түсті.
"19 бен 21 жас аралығындағы алты жігіт оңай олжа үшін осындай қылмысқа барған. Ұрланған түліктің етін сатып, түскен ақшаны өзара бөліскен. Күдіктілердің үйінен мал терісі мен бір тірі қой тәркіленді. Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.
Қазіргі уақытта топ мүшелерінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтар
0