Білім

Қазақстанда ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығы құрылады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуГеографический диктант
Географический диктант - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
Қазір елімізде 215 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. 2024 жылы Қазақстанда ұлттық үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық орталығын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы министр Ғани Бейсембаев ғылыми қоғамдастық және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
"Арнайы білім әр баламен жеке жұмыс жасауды, әр балаға назар аударуды қажет етеді. Осы мақсатта ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар біз кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесін қарастырамыз. Сондықтан педагогтерді оқытатын жоғары оқу орындарының бағдарламаларына "инклюзивті білім беру" модульін қосу жоспарланып, педагогтер үшін біліктілікті арттырудың жаңа курстары әзірленуде", — деді Бейсембаев.
Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім департаментінің директоры Лаура Бутабаева қазір елімізде 215 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді, 2024 жылы қосымша 9 түзету кабинетін ашу жоспарланып отырғанын хабарлады. Мектептерде 700-ден астам инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, 2024 жылы олардың саны тағы 57-ге ұлғайтылады. Сонымен қатар, биыл 14 психологиялық-медициналық педагогикалық кабинет ашу жоспарлануда.
Кездесу соңында Бейсембаев департамент директорына еліміздегі инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Жаңалықтар
0