Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

МАГАТЭ Запорожье атом электр станциясы аумағынан жаңа миналарды тапты

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуМиссия МАГАТЭ посетила Запорожскую АЭС
Миссия МАГАТЭ посетила Запорожскую АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2024
Жазылу
Бұған дейін де буферлік аймақта миналар табылған
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) сарапшылары Запорожье атом электр станциясы аумағынан жаңа миналарды тапты. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесінде жазылған, деп хабарлады РИА Новости.
"Запорожье атом электр станциясының периметрі бойындағы, буферлік аймақтағы, МАГАТЭ тобы бұрын анықтаған және 2023 жылдың қарашасында жойылған миналар енді сол орында қайта пайда болды. Бұл –зауыттың операциялық қызметкерлері үшін жабық аймақ", - деп жазылған хабарламада.
Агенттіктегілер хабарлағандай, снарядтардың болуы МАГАТЭ қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейді.
Өткен жылы ұйым сарапшылары буферлік аймақта – Запорожье АЭС-тің периметрі бойынша ішкі және сыртқы қоршаулар арасында – жаяу әскерге қарсы миналарды анықтады, олар тіпті жарылса да қауіпсіздік жүйесіне қауіп төндірмеуі керек болатын.
МАГАТЭ мамандары 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Запорожье атом электр станциясында жұмыс істеп жатыр.
Ол Днепрдің сол жағалауында Энергодар қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл блоктардың саны мен орнатылған қуаты бойынша Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы. 2022 жылдың қазан айында нысан Ресей меншігіне өтті.
Украина әскері станцияға үнемі оқ жаудырады. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдегендей, Киев режимі осылайша ядролық апат қаупінің көрінісін жасауға тырысып жатыр. МАГАТЭ зауыттың айналасында қауіпсіздік аймағын құру қажеттігін бірнеше рет мәлімдеген.
Жаңалықтар
0