Сенатор Ресейден келетін тауарларды тексеруді талап етті

© скрин видео Таможенный пост "Нур Жол"
Таможенный пост Нур Жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2024
Жазылу
Елімізге көршілес елдерден азық-түлік көптеп тасымалданады
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Сенатор Әлібек Нәутиев үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, Атырау облысының бірқатар мәселесін шешуді талап етті. Соның ішінде Ресеймен арадағы сауда-саттық да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан ауал шаруашылығы өнімдері бойынша әлі күнге дейін импортқа тәуелді болып отыр. Ал Еуразиялық экономикалық одақта отандық өнімдердің үлесі небәрі 5,7 процентті құрап отыр. Елімізге көршілес елдерден азық-түлік көптеп тасымалданады.
"Алайда олардан келіп, шекарадан тексеріліп өткен өнім еш кедергісіз саудаға шығарылады. Мәселен, біздің шаруаларда Ресейге өз өнімдерін шығаруға мүмкіндіктері бар. Дегенмен бізден оларға шығарылған өнім өзіміздің зертаханамыздан және шекарадан тексеріледі. Одан кейін тағы 15-20 күндей сол елдің зертханасында тексеріледі. Бұл өз халқының денсаулығын сақтау үшін қолданылып отырған шара екені белгілі", - деді Нәутиев сенаттың бүгінгі отырысында.
Осы орайда сенатор көршілес елдерден келетін тауарларды да өз жерімізде тексеруді талап етті.
"Олардан өткен тексеруге ғана негіздемей, қазақстандық зертханадан халық денсаулығына зиянды әсерін тексеру қажет деп есептейміз. Себебі сарапшылардың пікірінше, Ресейдің ауыл шаруашылығы өнімдерінде әртүрлі биохимиялық қоспалар көптеп пайдаланатыны туралы фактілер бар. Бұл қоспалардың онкологиялық ауруларды туғызу қаупі өте жоғары", - деп атап көрсетті жоғары палата депутаты.
Жаңалықтар
0