Қоғам

Елімізде отбасындағы жанжал бойынша әкімшілік құқықбұзушылық 90%-ке өскен

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Былтыр Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық саладағы әкімшілік құқықбұзушылық 90%-ке өсті, деп хабарлайды Ranking.kz.
2022 жылы 25,1 мың құқықбұзушылық болса, былтыр 47,6 мың әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Жылдық өсім бірден 89,3%-ті құрады.
"Оның ішінде 20,8 мың құқықбұзушылық денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, 16,9 мыңы – ұрып-соғу, 743-і – жала жабу. Барлығы 43,7 мың әкімшілік іс қаралды", - делінген хабарламада.
Қаралған істердің ішінен отбасылық-тұрмыстық салада 24,5 мың іс тоқтатылды, бұл 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 2,1 есе көп. Қалған 19,2 мың іс бойынша әкімшілік жаза қолданылды.
2022 жылы салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 2 млн теңге, ал былтыр 4,8 млн теңге болды. Оның әзірге 2,6 млн теңгесі өндірілді.
Сондай-ақ өңірлер арасында ең көп қылмыстық құқықбұзушылық Павлодар облысында жасалды. Сосын Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары.
Мұндай құқықбұзушылықтардың ең азы Қызылорда (21 жағдай), Маңғыстау (22 жағдай) және Абай (25 жағдай) облыстарында тіркелді.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2024
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі – негізгі өзгерістер
Жаңалықтар
0