Құтқарушылардың техникасы жоқ: жарылыстан қаза тапқандардың туысы оқиғаның мән-жайын айтты

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаДвухэтажный дом обрушился в Карагандинской области из-за взрыва газового баллона: двое погибли
Двухэтажный дом обрушился в Карагандинской области из-за взрыва газового баллона: двое погибли - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2024
Жазылу
Марқұмдардың туысының айтуынша, әйелді құтқарып қалуға болар еді
АЛМАТЫ, 30 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінде тұрғын үйде газ жарылып, ғимарат опырылып түсті. Үйінді астында қайтыс болған ерлі-зайыпты Рахметовтердің туыстары Sputnik Қазақстанға оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Айгерім Раисованың айтуынша, суық хабарды түнгі сағат 12:00 шамасында естіген.
"Түн жарымда суық хабарды естіп, төбемізден жай түскендей болды. Қайтыс болған Алма Рахметова – менің күйеуімнің туған қарындасы. Жасы – 49-да. Негізі отбасында екі баласы болған. Бір баласы осыдан 3-4 жыл бұрын суға кетіп қайтыс болды", - дейді марқұмдардың жеңгесі Айгерім Раисова.
Қайтыс болған ерлі-зайыптылардың үйі жарылыс болған пәтердің үстіңгі қабатында орналасқан.
"Пәтері жарылған көршілер түнімен үйіне жөндеу жасайды екен, құрылысшылар – өзбектер. Сол оқиға болардан бұрын күйеу балам оларға барып: "түнімен жөндеу жасағанды қойыңдар, балаларды ұйықтатпадыңдар" деп ескерту айтыпты, бірақ көршілері тыңдамаған", - дейді Раисова.
Жарылыс болған күні марқұм Рахметовтердің қасында 3 жастағы немересі болған. Баланы құтқарып, аман алып қалған.
"Баллонның қайдан пайда болғаны белгісіз. Сол өзбектердің жөндеу жұмыстары кезінде әкелген баллоны деп жатыр. Құтқарушылар жарылыстан соң 4-5 сағаттан кейін марқұмдардың денесін алып шықты. Олардың не краны жоқ, не техникасы жоқ. Ешкімді кіргізбеді, өздері де қозғалмады. Краны 3-4 сағаттан кейін келген. Негізі қайын сіңілімнің даусы біразға дейін шығып жатты. Құтқарып қалуға болар еді. Баллалар жүрді ғой алғаш сол жерде, солар дауысы шығып жатты деп айтып жатыр", - дейді марқұмдардың туысы Айгерім Раисова.
Айта кетейік, Ботақарада екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, адамдар үйінді астында қалды.
Двухэтажный дом обрушился в Карагандинской области из-за взрыва газового баллона: двое погибли - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2024
Қарағанды облысында газ баллоны жарылды: зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі
Жаңалықтар
0