"Самұрық-Энерго" Ақмола облысында жылу электр орталығын салады

© PhotoМинистр энергетики Казахстана ознакомился с работами по запуску ТЭЦ-3 в Астане
Министр энергетики Казахстана ознакомился с работами по запуску ТЭЦ-3 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.01.2024
Жазылу
Бқл өңірдегі электр және жылу тапшылығын жоюға мүмкіндік береді
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен "Көкшетау қаласында жылу электр орталығының құрылысы" жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Кездесуде тараптар жобаның жобаланған техникалық-экономикалық негіздемесінің нәтижелеріне тоқталды. Қаланы жылумен жабдықтаудың схемасын өзгерту қажеттігін айтты. Олар осы өңірдің электр мен жылу қуаты тапшылығын жою міндетіне тоқталып өтті.
Өңір басшысы энергетикалық жобаның тұрғындардың жайлылығы үшін ғана емес, сонымен қатар өңір экологиясы үшін де маңыздылығын атап өтті.
"Жыл сайын Көкшетау қаласы белсенді дамып келеді, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде, көп қабатты үйлер, кәсіпорындар мен әлеуметтік объектілер салынған жаңа кварталдар пайда болуда. Қазіргі уақытта, қалада аудандық қазандықтар өндіретін қуат жеткіліксіз. Жылу электр орталығының салынуы халықты ыстық сумен қамтамасыз етіп, электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді", – деді Ахметжанов.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Ресей арасында жасалған меморандумды іске асыру мақсатында 2023 жылғы 26 желтоқсанда еліміздің үш қаласында үш жылу электр орталығын салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Оның біреуі Көкшетауда салынады. Жобаны іске асырудың құқықтық, техникалық және қаржылық аспектілері егжей-тегжейлі пысықталды.
Сонымен қатар, кездесуде болашақ жылу электр орталығын орналастыру, сондай-ақ қажетті жабдықтау инфрақұрылымы мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыс тобын құруға және осы жобаны жүзеге асыру жөніндегі жол картасын бекітуге уағдаласты.
Жаңалықтар
0