"Төрт бала ұсталды": министр зорланған оқушы қыздың ісіне қатысы ақпаратты бөлісті

Ержан Саденов - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2024
Жазылу
Астанада 11-сынып оқушылары 8-сыныпта оқитын қызды жабылып зорлаған
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Астанада 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Өкінішке қарай, мұндай факті болды. Біз күдіктілерді анықтап, ұстадық. Олар да кәмелетке толмаған балалар. Қазір қылмыстық іс жүріп жатыр. Кәмелетке толмаған төрт бала ұсталды", - деді Сәденов мәжіліс кулуарында.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 11-сынып оқушылары 8-сыныпта оқитын қызды жабылып зорлаған.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, ол қазір зардап шеккен қыздың анасымен байланыста, психологтар жұмыс істеп жатыр.
Прятки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2023
Алматыдағы 7 жасар баланы зорлау ісі: әзірге күдікті жоқ
Жаңалықтар
0