Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2024
Жазылу
Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан соң, күдікті қашып бой тасалаған
АЛМАТЫ, 1 ақпан – Sputnik. Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қоғамда резонанс тудырды. Оқиға 27 ақпанда болған. Қызылшамен ауырған бір жасар балаға келген жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне белгісіз ер адам келіп қоқан-лоққы жасайды. Ашуға бой алдырған ол жүргізушіні соққыға жығады.
Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан соң, күдікті қашып бой тасалаған. Ал денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұл қызметтегі мамандарға жиі әлімжеттік жасалатынын айтты.
Бас прокуратура 27 ақпаннан бері іздеуде жүрген күдікті табылғанын хабарлады.
"1 ақпанда күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды. Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын. Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады", - дейді ведомстводағылар.
Жаңалықтар
0