Нұрлан Байбазаров премьердің орынбасары – ұлттық экономика министрі болды

© Пресс-служба правительства КазахстанаНурлан Байбазаров
Нурлан Байбазаров - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Бұл қызметке Нұрлан Байбазаров келді. Ол бұған дейін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басшысы болған еді
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.
Ол 1975 жылы 10 қазанда туған.
1997-2003 жылдары – Қазақстанның қаржы министрлігінде жұмыс істеді;
2004-2011 жылдары "Қазақстанның даму банкі" АҚ-да түрлі қызмет атқарды.
2013-2016 жылдары – ұлттық экономика министрлігінің экономика саласын дамыту депаратментін басқарды.
Түрлі жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ, "ҚазМұнайГаз Консалтинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ-да жұмыс істеген.
2016-2022 жылдары "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі – басқарма төрағасы болды.
2022-2023 жылдары "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылдың 5 қазанынан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басшысы болды.
Сондай-ақ Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі, Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі, Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда Антикордың бұрынғы басшысы Олжас Бектенов Әлихан Смайыловтың орнына премьер-министр болды. Бектеновтің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынды. Президент бұл таңдауды құптады, сөйтіп депутаттардың келісімін алу үшін Бектеновтің кандидатурасын мәжілістің қарауына енгізді. Төменгі палатаның 69 депутаты қолдап дауыс берсе, жетеуі қалыс қалды.
Олжас Бектенов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Саясат
Қазақстан үкіметін Олжас Бектенов басқарады
Жаңалықтар
0