Дәурен Абаев Мәскеудегі мұражайды аралады

© Photo : Пресс-служба посольства Казахстана в России Дәурен Абаев Мәскеудегі Жеңіс мұражайына барды
Дәурен Абаев Мәскеудегі Жеңіс мұражайына барды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
Жеңіс мұражайы – соғыс тақырыбындағы әлемдегі ең ірі әскери-тарихи мұражайлардың бірі
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Мәскеудегі Поклонная тауындағы Жеңіс мұражайына барды, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
© Photo : Пресс-служба посольства Казахстана в России Дәурен Абаев Мәскеудегі Жеңіс мұражайына барды
Посол Казахстана в России Даурен Абаев посетил Музей Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Дәурен Абаев Мәскеудегі Жеңіс мұражайына барды
Көрмені аралау және мұражай директоры Александр Школьникпен әңгімелесу барысында елші Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
"Дәурен Абаев сол қасіретті оқиғалардың куәгерлері жылдан-жылға азайып бара жатқан қазіргі уақытта өскелең ұрпақты ортақ тарихты қастерлеу, ата-бабамыз өткен сынақтарды түсіну рухында тәрбиелеу басты міндет саналатынын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды.
© Photo : Пресс-служба посольства Казахстана в России Дәурен Абаев Мәскеудегі Жеңіс мұражайына барды
Посол Казахстана в России Даурен Абаев посетил Музей Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Дәурен Абаев Мәскеудегі Жеңіс мұражайына барды
Жеңіс мұражайы – Ұлы Отан соғысы және екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбындағы Ресейдің басты әскери-тарихи мұражайы, әлемдегі ең ірі әскери-тарихи мұражайлардың бірі, бүкілресейлік ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталығы.
© Photo : Пресс-служба посольства Казахстана в России Дәурен Абаев Мәскеудегі Жеңіс мұражайына барды
Посол Казахстана в России Даурен Абаев посетил Музей Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Дәурен Абаев Мәскеудегі Жеңіс мұражайына барды
Көрменің жалпы ауданы 14 000 шаршы метрден асады. Мұражай қорына 385 000-нан астам құнды зат кіреді. Ашық алаңда Еуропадағы ең ірі әскери техникалардың жиынтығы (400-ден астам экспонат) орналасқан.
© Photo : Пресс-служба посольства Казахстана в России Дәурен Абаев Мәскеудегі Жеңіс мұражайына барды
Посол Казахстана в России Даурен Абаев посетил Музей Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Дәурен Абаев Мәскеудегі Жеңіс мұражайына барды
Даңқ залында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері үшін осы құрметті атаққа ие болған 11 800-ден астам Кеңес Одағы Батырының есімі 72 ақ мәрмәр пилонға жазылған. Олардың арасында біздің отандастарымыз: Талғат Бигелдинов, Қарсыбай Спатаев, Төлеген Тоқтаров және басқалар бар.
Жаңалықтар
0