Қытай Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады

© PhotoЕда, специи, иллюстративное фото
Еда, специи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жазылу
Тыйым салуларды алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапарынан кейін қабылданды
АСТАНА, 9ақпан – Sputnik. 2024 жылғы 7 ақпаннан бастап Қазақстаннан Қытайға құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге енгізілген және осыған дейін қолданыста болған аусыл бойынша шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салу 2005 жылдан бастап жалғасып келеді, ал аусыл бойынша шектеулер 2022 жылы енгізілген еді. Шектеулерді алып тастау Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға мұздатылған сиыр және шошқа етін, сондай-ақ, құс шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік береді.
Ең маңыздысы енді Қазақстан экспорттық тауарлар желісін кеңейту бойынша ветеринарлық талаптарды келісу рәсімін, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағынан кәсіпорындардан экспорттауға келісім алу бойынша жұмысты бастай алады.
Тыйым салуларды алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапарынан кейін қабылданды. Осы сапары барысында мемлекет басшысы Қазақстанның Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын екенін атап өткен еді.
Жаңалықтар
0