Димаш Құдайберген "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2024
Жазылу
10 ақпанда Астанада он екінші рет "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті
АЛМАТЫ, 11 ақпан - Sputnik. Димаш Құдайберген "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының үш мәрте лауреаты атанғаны үшін арнайы сақинамен марапатталды, деп хабарлайды DimashNews.
"Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының лауреаттарын жыл сайын халық таңдайды. 2023 жылғы дауыс беруге 200 мыңнан астам адам қатысты.
Димаш Құдайберген "Халық сүйіктісі" сыйлығының үш рет иегері ретінде арнайы номинацияға ие болды. Құрметті сертификат пен арнайы сақинаны "DimashAli" шығармашылық орталығының директоры Қанат Айтбаев алды.
Сондай-ақ 8 ақпанда Димаш Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл қарсаңында Қытай телеарналарында өнер көрсетті.
CCTV-3 арнасы көрсеткен 2024 жылғы көктем фестивалінің гала-концертінде Димаш қазақ және қытай тілдерінде "Ұмытылмас күн" және "Give me your love"атты композицияларын орындады.
Жаңалықтар
0