Ұлттық қордан аударылған ақшаны пайдаланбаса не болады

© Sputnik / Тимур БатыршинБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының логотипі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының логотипі   - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Жазылу
Кәмелет жасқа толған баланың ақшасы қорда 10 жыл бойы сақталады
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры Мұрат Шәріпов балаға ұлттық қордан аударылған қаржыны пайдаланбаған жағдайда ол ақшаның қайда кететінін айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылдан бастап "Ұлттық қордан – балаларға" бағдарламасы аясында ақша аударыла бастады. 18 жасқа толған адам жиналған қаржыны білімге немесе тұрғын үйге жұмсай алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры Мұрат Шәріповтың айтуынша, балалардың есеп-шотына түскен ақша қорда сақталады. Оны инвестиция ретінде ешқайда салмайды. Қорда жата береді.
"Кәмелет жасқа толған баланың ақшасы қорда 10 жыл бойы сақталады. Егер ол өтініш бермесе, онда бұл ақша ерікті зейнетақы жарнасы ретінде зейнетақы есепшотына аударылады. Оны заң бойынша пайдалануға болады", - деді Шәріпов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетері, биыл 304 815 бала 18 жасқа толады. Олардың барлығына ұлттық қордан 100 доллар түсті. Оны жұмсай беруге болады. Осы уақытқа дейін 100-ден астам өтініш түсті. Соның ішінде 54 бала білім беру ақысын төлеуге, ал 49 бала тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ақша аударуға өтініш білдірді. Заң бойынша өтініш 5 күннің ішінде қаралады.
Жаңалықтар
0