Полицейлер Еуропадан Қазақстанға кокаин жеткізу арнасының жолын кесті

© Photo : Polisia.kzПосылка с наркотиками
Посылка с наркотиками - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2024
Жазылу
Алматыда жалға алынған пәтерде салмағы 250 грамм кокаин тәркіленді
АСТАНА, 13 ақпан - Sputnik. Алматыда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Италия мен Польшадан Қазақстанға жеткізілетін кокаин арнасынының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оңтүстік астанада жалға алынған пәтерде салмағы 250 грамм кокаин тәркіленді. Ол кофе түрінде пластикалық капсулаларға жасырылған.
Бұдан әрі "Қазпошта" бөлімшесінде фигурантқа тиесілі сәлемдемені тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүргізілді. Одан жалпы салмағы шамамен 1 келі есірткі заттары бар пластикалық банкалар табылды, оның ішінде 0,5 келі кокаин және 400 грамнан астам экстази болған. Бұл үш мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды.
Анықталғандай, ұсталған шетелдік азамат курьер функциясын үш айға жуық орындап келген, ал Алматыға шаруашылық тауар ретінде жасырылған пошта сәлемдемелері арқылы есірткінің сирек түрлерін сату мақсатында ғана келген.
"Ұсталған адамға қатысты есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу және сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Еске сала кетейік, бұл қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Жаңалықтар
0