Алексей Навальный* қайтыс болды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАлексей Навальный, архивное фото
Алексей Навальный, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2024
Жазылу
Ол серуендегеннен кейін бірден есінен танып, қайтыс болған
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный қайтыс болды. Бұл туралы ол жазасын өтеп жатқан Ресейдегі Ямало-Ненецк автономиялық округі бойынша №3 түзеу колониясы хабарлады.
"16 ақпанда №3 түзеу колониясында сотталушы А. Навальный серуендеуден кейін өзін нашар сезініп, бірден есінен танып қалған. Дереу мекеменің медицина қызметкерлері келіп, жедел жәрдем бригадасы шақырылды", - делінген хабарламада.
Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.
"Барлық қажетті реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ оң нәтиже бермеді. Жедел жәрдем дәрігерлері сотталушының қайтыс болғанын растады", - делінген хабарламада.
Колонияға арнайы комиссия жіберілді.
Бұған дейін сот экстремизм ісі бойынша ерекше режимдегі колонияда 19 жылға бас бостандығынан айырылған Алексей Навальныйдың үкіміне қатысты шағымды қанағаттандырмағаны хабарланған болатын.
Сонымен бірге, сот үкімнің мәтініне жаза мерзімі мен мөлшеріне әсер етпейтін бірқатар техникалық өзгерістер енгізді.
*Ресей Федерациясында терроризм мен экстремизмге қатысы барлар тізіліміне енгізілген.
Жаңалықтар
0