Оқиға

Алматыда "барахолка" өртеніп жатыр – видео

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2024
Жазылу
Құтқарушылардың айтуынша, қойманың шатыры жанып жатыр
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Алматыда Көкмайса-27 шағын ауданында қойма жанып жатыр, деп хабарлайды ТЖМ.
"17 ақпан сағат 10:40-та Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы Көкмайса-27 шағын ауданында жоғары дәреже бойынша жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Алдын ала ақпарат бойынша, қойманың шатыры жанып жатыр.
Оқиға орнына ТЖ департаментінің 70 адамы мен 18 техника жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетсек, ақпан айының басында Семей қаласында сауда орталығы өртенген болатын. Жалын 4 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жауды 400-ге тарта адам, 48 өрт сөндіруші машинасы мен пойызы сөндірді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
0