Ақтөбедеде колледж мұғалімі студенттерді ғылымға қызықтырудың тың жолын тапты

© Sputnik / Сергей Мамонтов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2024
Жазылу
Дархан Шаңбаев жастардың әлеуметтік желіге үйір болмай, жоғары технологияны терең меңгергенін қалайды
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде колледж мұғалімі Дархан Шаңбаев студенттерді ғылым мен техникаға қызықтыру үшін робот құрастырып шықты.
Робот қазақ тіліндегі сұрақтарға жауап беріп, түрлі функцияларды атқарады. Енді мұғалім оны өз шәкірттерімен бірге одан әрі жетілдіріп, көпшілікке пайдасы тиетін көмекші құралға айналдырмақ, деп хабарлады 24.kz.
Робот бір жарым ай ішінде жасалған. Сұлбасы мен көлемі толықтай Дархан Шаңбаев және үш бірдей студенттің ойластыруымен сызылып, құрастырылған. Ал сөйлеу, жүру, басы мен аяқ-қолын қозғалтуға жауапты бөлшектер әр елдің өнімі болғанымен оларды да бір жүйеге бағындырған.
Робот қазақша пәрмендерді түсінеді және жауап береді. Жарықты, желдеткішті қосып сөндіруден өзге студенттерге әр күн сайын өтетін іс-шаралар туралы да айтып отырады.
"Робот көбіне дамыған елдерде, Япония, Қытай сияқты ірі мемлекеттерде шығады. Неге қазақы роботдайындамасқа дегенидея келді. Қазақша базаенгізіп, оғанұялы телефоннан арнайы бағдарлама жасап, оны түсінетінқұрылғы жасадық. Негізгі мақсатыәлеуметтік желідеуақыт кетіріпотырған балалардықазіргі ғылымитехникаға қызықтыру", - дейді Дархан Шаңбаев.
Роботқа колледж басшылығыавторына ұқсасетіп, "Смартхан" деп атқойған. Ал Дарханның өзі техника ғылымдарының магистрі. Оқу орнындағы автоматтандыру және басқару бөлімінің меңгерушісі. Франция, Германия секілді дамыған елдерде тағылымдамадан өткен ол, жастардың жоғары технологияны терең меңгергенін қалайды. Себебі болашақта интернет, жасанды интеллект зор ррөл атқаратынына сенімді.
Мұғалім биыл студенттерден өзге оқытушыларға да пайдасы көп тиетін жаңа робот жасап шығармақ ойда. "Ол мамандықтар мен бірқатар сала бойынша анықтама және ақпарат береді" дейді. Ал өзінің қолынан шыққан "ақылды үй" және т.б. жобалары қазір әріптестерінің мақтанышына айналған.
Жаңалықтар
0