Денсаулық сақтау министрлігі мен Жапония университеті дәрігерлер даярлау туралы келісті

© Photo : Пресс-служба Многопрофильной городской детской больницы №2Девочку с редкой патологией прооперировали столичные врачи
Девочку с редкой патологией прооперировали столичные врачи - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мен Жапонияның Нагоя университеті ынтымақтастық туралы келісті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау министрлігінің Нагоя университетінің (Жапония) профессоры Эйко Ямамото ханыммен кездесуі шеңберінде денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлық әлеуетті арттыру және медициналық білім беру саласындағы әріптестікті кеңейту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
"Жапониямен, сіздің еліңіздің Қазақстандағы елшілігімен бұрыннан келе жатқан достық қарым-қатынастарды ескере отырып, біз сіздің тәжірибеңіз бен біліміңізді меңгеру үшін жас дәрігерлерді, жаңа формациядағы денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау ісінде әріптестіктің жаңа деңгейіне шығуға дайынбыз", - деді министр.
Профессор Эйко Ямамото денсаулық сақтаудың жас көшбасшылары бағдарламасының шеңберінде бір жылдық оқу бағдарламасы туралы айтты.
"Бұл мемлекеттік қызметке, әсіресе Азия елдері министрлігінің қызметкерлеріне, соның ішінде Қазақстанға арналған магистратура мамандығы бойынша бағдарлама. Бұл бағдарлама 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келеді және қоғамдық денсаулыққа бағытталған. Тек оқыту сегменті ғана емес, сонымен қатар Жапонияның денсаулық сақтау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін көру үшін ауруханаларға, госпитальдарға, дәріханаларға және басқа да медициналық ұйымдарға бару сегмегті де бар", - деді Ямамото ханым.
Кездесуді қорытындылай келе, министр әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, жас кадрлық резерв құрылатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0