Қарағанды облысында 13 компания үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқан

© Sputnik/Ертай СарбасовАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2024
Жазылу
Оларға айыппұл салынды, тағы екеуіне хабарлама жіберілді
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысында үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін 13 құрылыс салушыға айыппұл салынды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Үлескерлердің ақшасын рұқсатсыз 15 компания тартқан. Бұл ретте 28 ақпандағы жағдай бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабының 1-бөлігін бұзғаны үшін ("ҚР тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және ҚР тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу") әкімшілік жауапкершілікке келесі құрылыс салушылар тартылды:
1.
"КапиталСтрой-ХХІ" ЖШС, "Манхэттен" ТК.
2.
"Sapa City" ЖШС, "Аспан" ТК.
3.
"СМК Group" ЖШС, "Baiterek" ТК.
4.
"АЛЬФиД" ЖШС, "Onyx" ТК.
5.
"T-K Building" ЖШС, "Al-Farabi" ТК.
6.
"TT INVEST" ЖШС, "ХАН" ТК.
7.
"RGB GROUP" ЖШС, "Central Park" ТК.
8.
"BMS Engineering" ЖШС, КТК (Балқаш).
9.
"ORDA Minerals" ЖШС, "Inju City" ТК.
10.
"Satti Lux Stroi" ЖШС, "Нұра" ТК.
11.
"ККК Бетон" ЖШС, "Бақытты отбасы" ТК.
12.
"Қарағанды Паркинг" ЖШС, "Құлагер" ТК.
13.
"ADS Engineering" ЖШС, КТК (Балқаш).
"Үлестік құрылыс туралы заңды бұзғаны үшін 13 құрылыс салушыға сот шешімі бойынша әрқайсысына 300 АЕК айыппұл салынды. Тағы екі құрылыс салушыға ("Transexpo" ЖШС, "Самал" ТК және "Nomad City Krg" ЖШС, "КЖТ" ТК) хабарлама жіберілді. Олар да алдағы уақытта әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деді Қарағанды облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Айдын Смағұлов.
Жаңалықтар
0