Қызылорда облысында мыңдаған бөдене тірідей жанып кетті

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаТушение огня
Тушение огня - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Сырдария ауданындағы құс фабрикасы толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Бесарық ауылындағы құс фабрикасы бүгін таңғы сағат 04.37-де отқа оранды. Бір қабатты ғимаратының төбесі жанып, тілсіз жау 288 шаршы метрге шарпыды.
Куәгерлердің айтуынша, фабрикада 4000 бөдене болған. Барлығы тірідей жанып кетті. Адамдар арасында зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар таңғы сағат 06:12-де өртті өшірді. Оқиға орнына 7 өрт сөндіруші мен 2 техника барды. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр. Құс фабриксы толығымен жанып кетті.
Жаңалықтар
0